Дзюдо

Дзюдодан Азия кубогінде қазақстандықтар алты алтын жеңіп алды

Дзюдодан Азия кубогінде қазақстандықтар алты алтын жеңіп алды
insporttv.kz

Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан Азия кубогы өтті. Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған турнирде 9 команданың өкілдері сынға түсті.

Жалпы есебі 355 спортшы Алматы татамиінде өзара мықтыны анықтады. Қазақстан командасы бұл жарыста 6 алтын, 7 күміс және 14 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте 2-орыннан көрінді.

Бірінші орынға Өзбекстан құрамасы ие болды. Олар 6 алтын, 7 күміс және 16 қола иеленді. Үздік үштікті Моңғолия түйіндеді.

Басқа спорттық жаңалықтар