Футбол

Колумбиялық футболшы Мессидің рекордынан асып түсті

Колумбиялық футболшы Мессидің рекордынан асып түсті
AFP

Колумбиялық белгілі футболшы Хамес Родригес Америка кубогы жарысында 6-шы нәтижелі пасын берді. Осылайша, ол әйгілі аргентиналық Лионель Мессидің рекордынан асты.

Месси 2021 жылы 5 рет ассист жасаған еді. Жартылай финалдағы нәтижеден кейін бір жарыста нәтижелі пас беру көрсеткіші бойынша Хамес алға шықты.

Финалда Хамес пен Месси (бұрынғы "Реал" мен "Барса" ойыншылары) бір-біріне қарсы ойнайды.

Тағы бір айта кететіні, “Сан-Паулуда” ойнайтын Хамес Родригеске "Атлетико" мен "Реал Сосьедад" ұсыныс жасап көрмек.

Басқа спорттық жаңалықтар