2024 Еуропа Чемпионаты

Еуро-2024: Испания Германиямен матчте жеңісті жұлып алды

Еуро-2024: Испания Германиямен матчте жеңісті жұлып алды
Reuters

Герамния құрамасын ұтқан Испания Еуропа чемпионатының жартылай финалына өтті.

Штутгарттағы "МХП-Арена" ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Ал қосымша уақытта испаниялықтар жеңісті жұлып алды - 2:1. Жеңімпаздар сапынан Дани Ольмо (51-минут) және Микель Мерино (119) гол салды. Алаң қожайындарынан Флориан Вирц (89-минут) бір доп соқты.

Енді 9 шілде Мюнхенде өтетін жартылай финалда Испания командасы Португалия - Франция матчінің жеңімпазымен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар