Қазақстандық паратаеквондошылар Парижге үш жолдама иеленді
Қазақстандық паратаеквондошылар Париж Олимпиадасының 3 лицензиясына қол жеткізді, деп хабарлайды Туризм және Спорт министрлігі.
Паралимпиаданың квалификациялық регламентіне сәйкес К44 санатында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде паратаеквондошымыз Нұрлан Домбаев, +80 келі салмақта Нышан Өмірәлі және -57 келі салмақта Кәмиля Досмалова биыл Парижде өтетін бәсекенің жолдамасына ие болған.
Бүгінгі күнге дейін қазақстандық параспортшыларда Париж 2024 ойындарының 5 лицензиясы бар:
паражеңіл атлетика,
парапауэрлифтинг,
волейболды отырып ойнау,
параканоэ және паражүзу.
Еске сала кетейік, 2020 жылғы Токио Паралимпиадасында Қазақстан ұлттық құрамасынан 25 спортшы 5 медаль (1 алтын, 3 күміс және 1 қола) жеңіп алып, жалпы есепте 48 орынға ие болған еді.
Айта кетейік, ХVІІ Жазғы Паралимпиада 28 тамыз — 8 қыркүйек аралығы Парижде өтеді.