Футбол

Дания қақпасына соққан Асхат Тағыбергеннің голы EURO-2024 біліктілігінде үздік деп танылды

Дания қақпасына соққан Асхат Тағыбергеннің голы EURO-2024 біліктілігінде үздік деп танылды

Еуро-2024 біліктілігінің үздік голы деп жанкүйерлер Даниямен кездесуде Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыбергеннің добын таныды.

Еуро-2024 іріктеу циклінің үздік голы үшін дауыс беруде Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыбергеннің даттықтармен матчтағы есебін теңестірген добы жеңді.

Еуропалық квалификацияларының үздік 10 голын УЕФА-ның техникалық бақылаушылары анықтады, содан кейін жанкүйерлер дауыс беру мүмкіндігін алды.

УЕФА-ның техникалық бақылаушылары Тағыбергеннің голын сегізінші орынға қойды, бірақ ол жанкүйерлердің дауыс беруінде жеңіске жетті. Албания құрамасының ойыншылары – Ясир Асани мен Кристиан Асланидің доптары екінші және үшінші орындарға жайғасты.


Жанкүйерлер нұсқасы бойынша ЕУРО-2024 таңдауының үздік голдары:

1. Асхат Тағыберген (Қазақстан - Дания 3:2) - 2 Тур, 26.03.23 (ресми топ-10 техникалық байқауда 8-ші орын)

2. Ясир Асани (Албания-Польша 2: 0) - 6 Тур , 10.11.23 (ресми топ-10 - да 7-ші)

3. Кристиан Аслани (Фарер аралдары - Албания 1: 3) - 4 Тур, 20.06.23 (ресми топ-10-да 5-ші)



Дереккөз: uefa.com


Басқа спорттық жаңалықтар