0
Катардағы Гран-Приге бір жыл үзіліс алған қазақстандық атлет те барады
olympic.kz
4-14 желтоқсан аралығында Катарда ауыр атлетикадан Гран-При турнирінің екінші кезеңі өтеді. Бұл жарысқа қатысатын атлеттер арасында Қазақстан ұлттық құрама сапында 1 жылдан бері халықаралық жарыстарға қатыспаған Денис Уланов та бар.
Денис 81 келіге дейінгі салмақта бақ сынайды.
Еске салайық, Уланов Рио Олимпиадасының қола жүлдегері мансабындағы біржылдық үзілістен кейін құрамаға оралды.
Гран-При жарысында спортшылар медаль үшін ғана емес, рейтингілік ұпай үшін де бақталасады. Сол ұпайлар арқылы Олимпиада ойындарына тікелей жолдама алатын болады.
Катардағы жарысқа 13 ауыр атлетіміз қатысатынын бұған дейін жазғанбыз.