0
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Катардағы Гран-приге баратын құрамды жариялады
olympic.kz
Ауыр атлетикадан Қазақстан командасы Катардағы Гран-при турниріне қатысатын спортшылар тізімін жариялады. Олардың қатарында Олимпиада жүлдегері Денис Уланов та бар, деп хабарлайды Olympic.kz.
4-14 желтоқсан аралығында өтетін турнирге Қазақстан сапынан 13 атлет қатысады.
ҚАзақстан құрамасы келесідей:
45 келі: Айнұр Әбдіхалықова
59 келі: Дарья Балабаюк
67 келі: Сайрамкез Ақмолда
73 келі: Әлібек Рахымберді
73 келі: Әли Нұрбай
76 келі: Айша Омарова
81 келі: Арай Нурлыбекова
81 келі: Денис Уланов
89 келі: Асылжан Бектай,
89 келі: Еламан Сейітқазы
96 келі: Кирилл Староверкин
102 келі: Әлішер Сейтқазы. 1
09 келі: Сұлтан Мейрам.
Айта кетелік, аталған турнирде Париж Олимпиадасына рейтингілік ұпайлар үлестіріледі.