Зайнутдинов "Бешикташтан" кетпейтін болып шешті
Түркиялық Fotomac сайты "Бешикташ" пен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтың петерборлық "Зенитке" ауысудан бас тартақына қатысты материал жариялады.
Бастапықда "Бешикташ" Зайнутдиновты ресейлік клубқа Жедсон Фернандешпен бірге сатпақ болды да, бұл дау тудырыды. Қазақстандық футболшы ресейлік клубтың ұсынысынан бас тартып, ыстамбұлдық клубта қалуды ұйғарды.
"Бастапқыда бұл келісімшартқа Бахтиер Зайнутдинов те кіреді деп ойластырылған еді - осылай "Бешикташ" "Бенфикаға" Фернандеш үшін төлемнің 50 пайызын үнемдеп қалмақ еді. Алайда Зайнутдинов Ресей чемпионатына қайтудан бас тартты - ол еуропалық клубқа ауыспақ немесе "Бешикташта" қалмақшы. Ақыры түркиялық клубқа Жедсон Фернандештің трансферін бөлек жасауға тура келді: Ол "Зентике" 18 милиион еуроға сатылады (трансфердің тоғыз миллионын "Бенфика" алады)", - деп жазады басылым