Теннис
Қазақстандық Аружан Сағындықова Тунистегі ITF турнирін сәтті бастады

Қазақстандық Аружан Сағындықова Монастир (Тунис) ITF турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Kazinform.
Әлемнің 792-ракеткасы саналатын Сағындықова алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 929-орында тұрған италиялық Камилла Санолинимен шеберлік байқасты. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 6:2 есебімен ұтты.
Аружан Сағындықова ширек финалға жолдама үшін әлемнің 347-інші, жарыстың 1-ракеткасы, румыниялық Андреа Присакариумен таласады.