Футбол
Жауапсыз алты гол. «Арсенал» өз алаңында «Лансты» талқандап тастады

"Арсенал" ФК
Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бесінші тур матчінде англиялық «Арсенал» франциялық «Лансты» ойсырата ұтты.
Лондондағы «Эмирейтс - Эшбертон Гроув» стадионында өткен кездесу 6:0 есебімен аяқталды.
13-минутта Кай Хаверц есеп ашты. 8 минут өте Жезус есепті еселеді. Екі минут өтпей жатып Букайо Саке ішпен гол салды. 28-минутта Мартинелли есепті 4:0 етті. 45+1-минутта Мартин Эдегор көзге түсті. Ал матч соңына таман (86-минут) Жоржиньо 11 метрден айып добын сәтті орындады, қортынды есеп - 6:0.
Қазіргі таңда «Арсенал» 12 ұпаймен В тобында бірінші. «Ланс» бес баллмен үшінші.