2024 Еуропа Чемпионаты

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде орын ауыстырды

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде орын ауыстырды

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде Қазақстан құрамасының орны өзгерді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан 98-ші орыннан 100-ші орынға түсті.

Қараша айында Магомед Адиевтің шәкірттері 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу циклі аясында екі матч өткізді. Алдымен үйде Сан-Мариноны жеңіп (3:1), содан кейін Словенияға қонақта ұтылды (1:2).

30 қарашадан FIFA рейтингі:

(1). Аргентина - 1855.2 ұпай; 

(2). Франция - 1845,44;

(4). Англия - 1800.05;

(5). Бельгия-1798.46;

(3). Бразилия-1784.09;

(7). Нидерланды-1745.48;

(6). Португалия-1745.06;

(8). Испания-1732.64;

(9). Италия-1718.82;

(10). Хорватия-1717.57;

(98). Қазақстан-1215.16

Қазақстан рейтингте ең жоғары орынды 2016 жылы иеленді. Сонда біздің құрама 86-шы орында тұрды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Еуро-2024-ке тікелей түсе алмады. Дания мен Словения шыққан іріктеу тобында төртінші орынға ие болды. Енді 21 наурызда ол Грециямен кездеседі.

Екінші жұпта Люксембург пен Грузия командалары тартысады. Финал жеңімпазы (26 наурыз) Еуро-2024 финалдық кезеңіне шығады.




Дереккөз: vesti.kz

Басқа спорттық жаңалықтар