Оқ ату

Қазақстандық мергендер Беларуссияның ашық чемпионатында топ жарды

Қазақстандық  мергендер Беларуссияның ашық чемпионатында топ жарды
qaz_team_official

Биылғы олимпиадаға қатысатын қазақстандықтар Никита Чирюкин мен Ирина Юнусметова оқ атудан Беларусь ашық чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды спортты дамыту дирекциясы.

Ұазақстандық мергендер тапаншамен 10 метрге оқ атудан аралас жұп бәсекесінде үздік шықты. Олимпиадалық спорт түрлерінен ғана өтіп жатқан аталмыш жарыста үш елден 180 спортшы бақ сынауда. Турнир 29 маусымға дейін жалғасады.

Бұл дода Париж олимпиадасы қарсаңында спортшылардың шеберлігін ұштай түсуге септеспек.

Басқа спорттық жаңалықтар