2024 Еуропа Чемпионаты

Еуро-2024: Франция мен Польша тең түсті

Еуро-2024: Франция мен Польша тең түсті
Global Look Press

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты топтық кезеңінде D тобындағы Франция құрамасы Польшамен кездесті.

Алғашқы екі турда Франция Австрияны 1:0 есебімен жеңсе, Нидерландпен 0:0 есебімен тең түсті. Ал Польша Нидерландқа 1:2, Австрияға 1:3 есебімен жеңілді. Сондықтан олар бір тур бұрын плей -офф сатысына шығудан үмітін үзді.

Өз тобында бірінші орын алу үшін Францияға жеңіске жету қажет еді. Екінші кезеңнің 56-минутында Польша қақпасына он бір метрлік айып добы белгіледі. Оны орындауда Килиан Мбаппе мүлт кеткен жоқ.

Айта кетсек, Австриямен кездесуде ол мұрнынан жарақат алған еді. Салдарынан екінші ойынға қатыса алған жоқ. Бас бапкер Дидье Дешам оны бүгін арнайы қорғаныш бетпердесімен алғашқы минуттан ойнауға рұқсат етті.

Бұл кездесуде польшалық Роберт Левандовски 79-минутта пенальтиден таразы басын теңестірді. Осылайша құрамалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Франция екінші ойын қатарынан тең түсіп отыр.

Басқа спорттық жаңалықтар