Футбол

ҚФФ "Ордабасының" стадионын жаңартып берді

ҚФФ
kff.kz

Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында жаңартылған үшінші футбол алаңын ашты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шымкенттегі «Ордабасы» футбол орталығының жасөспірімдер құрамалары жаттығатын «Цементник» стадионының алаңы ауқымды жөндеуден өтті.

Салтанатты ашылу рәсімі Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, ҚФФ президенті Адлет Барменқұлов, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев және жоба серіктестерінің қатысуымен өтті.

Айта кетейік, 2023 жылдың жазында ҚФФ Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Қазақстандағы футбол алаңдарын жаңарту бойынша «ALAÑ» бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама 3 жылға созылады және УЕФА қолдау көрсетеді.

Алаңның ашылуына орай стадионда Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиевтің жас футболшыларға арналған ашық жаттығуы да өткенін айта кетейік. Ұлттық құраманың жаттықтырушысы балаларға қолтаңба беріп, шара қонақтарын «Ордабасы» ФК Премьер-лигада алтын медаль жеңіп алуымен құттықтады. Сонымен қатар, жиналғандар ҚФФ атынан естелік сыйлықтарға ие болды.

Басқа спорттық жаңалықтар