Футбол

"Қайрат" Израиль құрамасының ойыншысына қатысты бір шешімге келді

"Қайрат" ФК

"Қайрат" футбол клубы Израиль құрамасының 25 жастағы қорғаушысы Офри Арадтың трансфері туралы хабарлады.

Футболшы хайфелік "Маккабиден" 31 желтоқсанға дейін жалға алынған болатын, енді ол 2025 жылға дейінгі жаңа келісімшартқа қол қойып алматылық клубтың толыққанды ойыншысы атанды.

Алайда трансфердің өзге мән-жайы айтылмады. Офри Арад алматылық клуб сапына биыл ақпанда қосылған. "Қайрат" үшін израильдік легионер 27 матчке қатысып, 1 гол салған екен.

Еске салйық, "Қайрат" биылғы Қазақстан чемпионатында төртінші болды.

Басқа спорттық жаңалықтар