Футбол

"Портуды" ұта алған "Барселона" ЧЛ-дің плей-офф кезеңіне жолдама жеңіп алды

Associated Press

"Барселона" Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 5-турында өз алаңында "Портуды" ұтты. 

Барселонадағы Estadi Olímpic Lluís Companys стадионында өткен ойын 2:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапынан Жоау Канселу (32-минут) және Жоау Феликс (57) бір-бір голдан салды. Ал алаң қонақтары сапынан 30-минутта Пепе бір гол соқты.

"Барселона" 12 ұпаймен H тобында бірінші орында тұр. Осылайша, каталондықтар ЧЛ-дің плей-офф кезеңіне жолдама алды. "Порту" (9) топта екінші. 

Енді 13 желтоқсанда "Антверпен" - "Барселона" және "Порту" - "Шахтер" ойындары өтеді. Соңғы жұптың ойыны турнирдің 1/8 финалына екінші жолдаманың тағдырын шешеді

Басқа спорттық жаңалықтар