Футбол

"Барселона" Хавиді қызметінен босатқалы отыр

Global Look Press

"Барселонаның" бас бапкері Хави Чемпиондар лигасы 5-турындағы "Портумен" ойыннан кейін қызметінен кетуі мүмкін, деп жазады AS.

Егер каталондық клуб португаиялықтардан ұтылса немесе тең ойнаса Хавидің "Барсадағы" карьерасы тоқтайды. 

"Барселона" мен "Порту" арасындағы матч 29 қарашада өтеді.

Қазіргі таңда "Барселона" топта "Портумен" бірінші және екінші орынды бөлісіп отыр - екі командада 9 ұпайдан.

Еске салайық, Хави "Барселонаны" 2021 жылдан бері жаттықтырып келеді. 

Басқа спорттық жаңалықтар