Бокс

Ломаченко көктемде Камбососпен жекпе-жек өткізуі ықтимал

Ломаченко көктемде Камбососпен жекпе-жек өткізуі ықтимал
instagram.com/lomachenkovasiliy

Украиналық Василий Ломаченко аустралиялық Джордж Камбососпен жекпе-жек өткізуі мүкін, деп хабарлайды sports.ru

Қазіргі таңда келіссөздер аяқталуға жақын екен. Бұл жекпе-жек 14 сәуір Аустралияда өтеді деп жоспарлануда. Бұл айқаста жеңіл салмақтағы IBF титулы сарапқа салынады.

Ломаченко мамыр айында төрешілер шешімі бойынша Дэвин Хейниден жеңіліп қалған. Камбосос шілдеде төрешілер шешімімен Макси Хьюзді жеңді. 

Айта кетейік, Ломаченко кезінде Теофимо Лопестен жеңілген еді, кейін Камбосос Лопестен басым түскен. 

Басқа спорттық жаңалықтар