Футбол

Еркебұлан Тұңғышбаев карьерасын жалғастыратын команданы таңдады

Еркебұлан Тұңғышбаев карьерасын жалғастыратын команданы таңдады
KazFootball.kz

"Ордабасының" жартылай қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаев карьерасын шымкенттік командада жалғастырмақ. 

"Ордабасы" келесі жылы да жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін команың негізін сақтап қалуды жоспарлап отыр. 

Тұңғышбаев өткен маусымда ҚПЛ-дегі 23 матчте бір гол салды. Шымкенттік футбол мектебінің түлегі карьерасында "Қайрат" және "Ақсу" командаларында ойнаған. Ал шымкенттік клубта жалпы сегіз маусым өткізіпті.

Еркебұлан 2021 жылға дейін Қазақстан құрамасына шақырту алып жүрді. Ұлттық команда сапында 12 матчке қатысып, бір гол салған. 

Басқа спорттық жаңалықтар