Футзал

"Қайраттың" құрамы белгілі болды

"Қайрат" Косовода өтетін Чемпиондар Лигасының элиталық раундына дайындаған құрамын жариялады. Марлона Веласко шәкірттері "Бенфика", "Добовец", "Приштина" командаларымен бірге B тобында өнер көрсетеді.

"Қайраттың" ЧЛ элиталық кезеңіне қатысатын ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Деннис, Игита, Нарун Сериков;

Алаңдағы ойыншылар: Эдсон, Жахангир Рашит, Денер, Альберт Акбаликов, Педро, Диего, Дәурен Тұрсағұлов, Дуглас Жуниор, Біржан Оразов, Дамир Қайырбай, Кайо Руиз, Игор Шушу, Алекс Виана, Алиссон;

Бас бапкер: Марлон Веласко. 

«Қайраттың» қарсыластары: «Бенфика», «Добовец» және «Приштина».

Ойындар 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Приштинада өтеді.



Дереккөз: UEFA Futsal Champions League

Басқа спорттық жаңалықтар