UFC
UFC жұлдызы Тони Фергюсон бір жылға бас бостандығынан айырылды
Жеңіл салмақтағы UFC титулының экс-иегері Тони Фергюсонға осы жылдың мамыр айында Лос-Анджелесте мас күйінде болған жол-көлік оқиғасы үшін сот үкімі шығарылды.
Фергюсон бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылады. Естеріңізге сала кетейік, Фергюсон осы жылдың 7 мамырында өзінің пикап көлігін мас күйінде басқарып, тұрақта тұрған екі көлікті қиратып, содан кейін көлігін төңкеріп тастаған. Тони оқиға орнында медициналық тексеруден өтуден бас тартты және полициямен келісімге келмеді. Айта кету керек, Фергюсон қазіргі уақытта соңғы үш жарым жыл ішінде әр жекпе-жекте жеңіліп, қатарынан алты жеңіліс сериясының иегері.
Дереккөз: Allboxing.ru