Гимнастика

Эльжана Таниева биылғы маусымдағы әлем кубогінің соңғы кезеңінде бесінші болды

Эльжана Таниева биылғы маусымдағы әлем кубогінің соңғы кезеңінде бесінші болды
olympic.kz

Италияның Милан қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогінің биылғы маусымдағы ең соңғы кезеңі өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған сынға Қазақстан атынан Эльжана Таниева қатысты. Париж Олимпиадасында бақ сынайтын спортшы үшін бұл жазғы ойын қарсаңындағы маңызды жарыс болғаны сөзсіз. Көпсайыс қорытындысы бойынша Эльжана 12-орын иеленді.

Сондай-ақ, доп жаттығуы бойынша финалда өнер көрсетіп, 33.65 ұпаймен 5-орынға табан тіреді.

Еске сала кетейік, Эльжана Таниева Ташкентте өткен Азия чемпионатында топ жарып, Париж Олимпиадасының квотасын иеленген болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар