Теннис

Бублик Галледегі турнирдің 1/8 финалына өтті

Бублик Галледегі турнирдің 1/8 финалына өтті
olympic.kz

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Галледегі (Германия) ATP 500 турнирінің 1/8 финалына өтті.

Бірінші кездесуінде қазақстандық теннисші аустралиялық Макс Перселмен бір сағат 26 минут ойнап, 7:6 (7:1), 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл матчте Бублик 14 эйспен бірге 3 брейк-пойнттан шашау шығарған жоқ. Перселл 5 эйс, 2 брейктен (7 брейк-пойнт) аса алмады.

Енді Бублик ширек финалға өту үшін америкалық Кристофер Юбэнкспен матч өткізеді.

Басқа спорттық жаңалықтар