УЕФА Еуропа Лигасы

"Тобыл" Еуропа лигасында кімге қарсы ойнайтыны анықталды

"Тобыл" ФК

Қостанайдың "Тобыл" командасына Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Словакияның "Ружемберок" клубы қарсылас атанды.

Бірінші ойын сырт алаңда, қарымта кездесу Қазақстанда өтеді. Алғашқы ойын 11 шілде күні өтсе, қарымта ойын 18 шілдеге жоспарланған. Ал "Астана" командасы іріктеуді екінші кезеңнен бастайды.

Айта кетейік, осыған дейін Чемпиондар лигасында алғаш рет қатысатын "Ордабасының" да қарсыласы белгілі болған еді.

Басқа спорттық жаңалықтар