Футбол

"Бұл ғажап". Юрген Клопп "Ливерпульдің" Еуропа лигасындағы матчі жайлы

EPA

"Ливерпульдің" бас бапкері Юрген Клопп Еуропа лигасы топтық кезеңінің 5-турында аустриялық ЛАСК командасын 4:0 есебімен ұтқанына қатысты ойын айтты. 

"Ең бастысы біз топтың көш басындамыз, енді бұл өзгермейді. Жақсы дүниелер көп болды, бірақ аса қатты ұнағандары да бар. Біз үнемі айтамыз: бізге өсіп, даму керек. Жақсы футбол көрсеттік, бірақ ойынды үзіліске дейін жасау керек болды. 2:0 не 3:0 есебі болғанда біз ашылып қалып, қарсыласқа қауіпті сәттер тудыруға мүмкіндік беріп қойдық, 4:0 есебімен ұту - бұл ғажап", - деп береді Клопптың сөзін УЕФА-ның баспасөз қызметі. 

12 ұпай жинаған "Ливерпуль" Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын өтті. 3 балл ғана жинаған ЛАСК топта соңғы орында.

Басқа спорттық жаңалықтар