Футбол

"Реал" жарақат алған Жуниордың орнына түркиялық команда ойыншысын алмақ

AFP

"Реал" түркиялық "Галатасарай" шабуылшысы Мауро Икардиге көз тігіп отыр. Мадридтік клуб жарақат алып қалған Винисиус Жуниорды алмастыратын ойыншы іздеуде. Бразилиялық алаңға кемі екі жарым ай шыға алмайды. 

Tuttomercatoweb мәліметінше, испаниялық команда аргентиналық футболшы үшін қысқы трансферлік кезеңде 15 миллион еуро төлеуге дайын, алайда Transfermarkt порталы форвардтың нарықтағы құнын 20 миллионға бағалап отыр.

Басқа спорттық жаңалықтар