Теннис

Қазақстандық төреші Silver Badge белгісімен марапатталды

Қазақстандық төреші Silver Badge белгісімен марапатталды
ҚТФ

Қазақстандық Меруерт Каукеева мінбедегі төрешінің күміс белгісін иеленді, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы


«Күміс белгі» (Silver Badge) төрешілерге кәсіби қызметі негізінде беріледі. «Күміс белгі» алу үшін халықаралық деңгейдегі кемінде 60 матчқа қазылық ету керек. Сондай-ақ «Алтын белгі» санатындағы төрешілер мен супервайзерлерден жоғары баға алғаннан кейін ITF, ATP, WTA және Grand Slam жиналыс өткізіп, мұндай атаққа лайықтыларды таңдайды. «Күміс белгісі» бар төрешілер «Үлкен дулыға», сол секілді ITF, ATP, WTA аясында ұйымдастырылатын басқа да негізгі жарыстарда, финалдарын қоса алғанда, қазылық ете алады», - делінген федерация хабарласмасында.


Айта кетейік, Каукеева әлемдік төрешілер қауымдастығынан осындай марапат алған қазақстандық екінші төреші. Бұған дейін қазақстандық Юлия Игнатченко осындай күміс жүлдемен марапатталған болатын. 

Басқа спорттық жаңалықтар