Теннис

Қазақстандық жас теннисші Түркиядағы турнирдің ширек финалына өтті

Қазақстандық жас теннисші Түркиядағы турнирдің ширек финалына өтті
olympic.kz

Қазақстандық жас теннисші Татьяна Николенко Анталия (Түркия) ITF турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Kazinform.

WTA рейтингісіне әзірге ене қоймаған 19 жастағы Николенко алғашқы айналымда әлемнің 1175-ракеткасы, түркиялық Дога Түркменді 6:1, 6:1 есебімен ойсырата ұтты. Татьяна екінші айналымда әлемнің 577-інші, осы жарыстың 2-ракеткасы, жапониялық Маюка Айкавамен шеберлік байқасып, азулы қарсыласынан 6:1, 4:6, 7:6 (9:7) есебімен басым түсті.

Осылайша, күтпеген жеңіске қол жеткізген Татьяна Николенко жартылай финалға шығу үшін әлемнің 805-інші, доданың 6-ракеткасы, швециялық Лиза Заармен таласады. 

Басқа спорттық жаңалықтар