Теннис

Қазақстандық жас теннисшілер әлемдік рейтингте көтерілді

Қазақстандық жас теннисшілер әлемдік рейтингте көтерілді
olympic.kz

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.


Мысырдағы турнирде сәтті өнер көрсеткен Әмір Омарханов жекелей сында бірден 42 саты жоғарлап, 57-орынға орналасқан екен. Сонымен қатар, Даниал Рахматуллаев екі саты жоғарлап 114-орынға, Виталий Зацепин бірден 16 саты ілгерлеп 154-орынға жайғасыпты. Ал Ерасыл Ерділдә – 234, Ілияс Маратұлы – 244, Заңғар Нұрланұлы 331-сатыда тұр.


Қыздар арасында Асылжан Арыстанова көрсеткішін едәуір жақсартып, 85-тен 66-ға жоғарылады. Айя Нұпбай – 204, Полина Слепцова 230-орында келеді.

Басқа спорттық жаңалықтар