Футбол
Қазақстандық футболшыға Түркиялық команда көз салып отыр

KazFootball.kz
Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Еркін Тапалов қысқы трнасферлік кезеңде Түркия чемпионатына ауысуы мүмкін.
30 жастағы футболшының петропавлдық "Қызыл-Жармен" келісімшарты биыл аяқталады да, ол еркін агент атанады.
Қазіргі таңда Тапаловқа түркиялық "Маниса" көз тігіп отыр екен. Бұл команда ел чемпионатының турнирлік кестесінде 11-орында.
Дереккөздер мәліметінше, Тапаловқа Қазақстанда "Елімай", "Қайрат", "Ақтөбе" және "Астана" көз тігіп отырғанын айта кетейік.