Теннис
Қазақстандық Евсеев Испаниядағы челленджер турнирінің екінші айналымына өтті

olympic.kz
Әлемдік рейтингте 226-ші тұрған қазақстандық Денис Евсеев Валенсиядағы (Испания) челленджер турнирінің екінші айналымына өтті.
Евсеев бірінші айналымда әлемдік рейтингте өзінен төмен тұрған (363-орын) испаниялық Карлос Табернермен ойнады.
Екі сағат 20 минутқа созылған матчте Евсеев 7:5, 7:6 (7:2) есебімен жеңіске жетті.
Енді Денис ширек финалға жолдама үшін осы жарыстың 7-ракеткасы болып келетін өзге испаниялық Педро Мартинеспен ойнайды.