Футбол

Рекордпен. Лукаку Еуро-2024 іріктеуінде ең үздік бомбардир атанды

Рекордпен. Лукаку Еуро-2024 іріктеуінде ең үздік бомбардир атанды
Sports.ru

Футболдан Бельгия құрамасының шабуылшысы Ромелу Лукаку Еуро-2024 турниріне іріктеу цикліндегі ең мықты сұрмерген атанды. 

"Рома" форварды ұлттық құрамасы үшін сегіз ойында 14 гол соғып, Еуро іріктеуінің рекордын орнатты. Бұған дейін бұл көрсеткіш бойынша солтүстік ирландиялық Дэвид Хил (Еуро-2008) мен польшалық Роберт Левандовски (Еуро-2016) көш басында болған - 13 голдан.

Бомбардирлер тізімінде екінші португалиялық Криштиану Роналду тұр (10 гол), ал үшінші франциялық Килиан Мбаппе (9 гол).

Басқа спорттық жаңалықтар