Футбол

ҚФФ басшысы Магомед Адиевтің қызметіне қатысты мәлімдеме жасады

ҚФФ басшысы Магомед Адиевтің қызметіне қатысты мәлімдеме жасады
ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Meta-ratings.kz басылымына берген сұхбатында Магомед Адиевтің жұмысы жайлы айтты.

Оның сөзінше, ресейлік маманның келісімшарты келер жылдың сәуір айында аяқталады екен. Дегенмен бапкер жақсы нәтиже көрсете алғандықтан қызметінде қалады.

«Магомед Адиев ұлттық құраманың бас бапкері қызметінде қалады. Қазіргі таңда отандық футболды дамыту бойынша үлкен жоспар жасап жатырмыз», - деді Барменқұлов.

Басқа спорттық жаңалықтар