Теннис
Қазақстандық теннисші Жұқаев әлемдік рейтингте көтерілді

olympic.kz
Бейбіт Жұқаев Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингінде 187-ден 186-сатыға көтерілді, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Бұл – оның дүниежүзілік рейтингідегі үздік көрсеткіші. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 32-орнын сақтаса, Тимофей Скатов – 215, Денис Евсеев – 226, Михаил Кукушкин 229-сатыда тұр. Жұптық сында Александр Недовесов – 44, Андрей Голубев 61-орнында қалды.
Ал әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингісінде Елена Рыбакина бұрынғыша 4-орында келеді. Юлия Путинцева – 69, Аружан Сағындықова 787-сатыда.
Жұптық сында Анна Данилина – 56, Рыбакина – 118, Жібек Құламбаева 143-орынға жайғасты.