Футбол

Салахқа алаңнан кету үшін әскерилердің көмегі қажет болды

Салахқа алаңнан кету үшін әскерилердің көмегі қажет болды
instagram.com/liverpoolfc

Мысыр құрамасы мен "Ливерпуль" шабуылшысы Мохамед Салах 2026 жылғы ӘЧ-ге іріктеу аясындағы Сьерра-Леонемен матчтен кейін алаңнан әскерилер көмегімен ғана шықты. 

Либерия астанасы Монровиде өткен ойын 2:0 есебімен мысырлықтар пайдасына аяқталды. Матч соңында жергілікті жанкүйерлер "Лиеврпуль" жұлдызына жақындамақ болып алаңға ұмтылды. 

Оларды бірден стюардтар тоқтатты, тіпті олар жанкүйерлердің бірін соққыға жықты. Осы кезде Салахтың командаластары оны қоршап алды. Ақыры Мысыр футболшысы алаңнан әскерилердің көмегімен кетті. 

Басқа спорттық жаңалықтар