0

Бекман Сойлыбаев келесі жекпе-жегін Түркияда өткізеді

Бекман Сойлыбаев келесі жекпе-жегін Түркияда өткізеді
diamondring.kz

Екінші жартылай жеңіл салмақта WBA Inter-Continental титулы бар қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаевтың (17-1, 8 КО) рингке қашан оралатыны белгілі болды.

BoxRec.com мәлметінше, Сойлыбаев 2 желтоқсан Түркияның Трабзон қаласында өтетін бокс кешіне қатысады. Жекпе-жекке аз қалғанымен қарсылас әзірге белгісіз.

33 жастағы боксшы үшін бұл биылдыққа үшінші айқас. Тамыз айында Ташкентте Бекман украиналық Александр Егоровты (20-9-1, 10 КО) үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. Оған дейін Алматыда Сойлыбаев филиппиндік Дженел Лаусаны (11-1-1, 7 КО) жеңген.

Басқа спорттық жаңалықтар