Футбол

Әлемдегі ең қымбат футболшылар рейтингі жарияланды

Әлемдегі ең қымбат футболшылар рейтингі жарияланды

Футбол туралы жазатын белгілі Transfermarkt порталы әлемдегі ең қымбат футболшылар рейтингін жариялады. Тізім аралық жаңартулар негізінде жасалды. 


Рейтингте көш басында "Манчестер Ситидің" норвегиялық шабуылшысы Эрлинг Холанд пен ПСЖ форварды Килиан Мбаппе тұр, екеуінің де трансферлік құны 180 миллион еуро деп көрсетілген.


Ал алдыңғы үштікті "Реалдың" жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем түйіндепті - 150 миллион еуро.


Әлемдегі ең қымбат футболшылардың ондығы: 1. Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити", 180 миллион еуро). 2. Килиан Мбаппе (ПСЖ, 180 млн). 3. Джуд Беллингем ("Реал" Мадрид, 150 млн). 4. Винисиус Жуниор ("Реал" Мадрид, 150 млн). 5. Букайо Сака ("Арсенал" Лондон, 120 млн). 6. Виктор Осимхен ("Наполи", 120 млн). 7. Харри Кейн ("Бавария", 110 млн). 8. Джамал Мусиала ("Бавария", 110 млн). 9. Филип Фоден ("Манчестер Сити", 110 млн). 10. Деклан Райс ("Арсенал", 100 млн).

Басқа спорттық жаңалықтар