Теннис

Рыбакина рейтингте тағы позиция жоғалтты

Рыбакина рейтингте тағы позиция жоғалтты
WTA

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық нәтижелер бойынша рейтингін жаңартты.

БӨЛІСУ Жекелей сын бойынша Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бір орын төмен сырғыды. Жаңарған рейтингте ол 6-орыннан көрінді.

Елена Рыбакина жуырда ғана Эр-Риядта өткен жылдың қорытынды турниріне қатысты. Айналмалы жүйе бойынша өтетін жарыста күлгін топқа түсті. Италиялық Жасмин Паолини мен қытайлық Чжан Цинвэнға есе жіберіп, жартылай финалға шыға алмады. Ал Арина Соболенкоға қарсы ойында жеңіске жетті.

Алғашқы үштікте өзгеріс болған жоқ. Арина Соболенко көшбасшы болса, Ига Швентек (Польша) пен Кори Гауфф (АҚШ) алғашқы үштікте келеді. Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева нәтижесінде өзгеріс жоқ. Ол 29-орнын сақтап қалған.

Жұптық сайыс бойынша Анна Данилина 22-орында тұр.

Басқа спорттық жаңалықтар