Футбол

Шапан жапты. Адиев Қазақстан құрамасымен қоштасты

Шапан жапты. Адиев Қазақстан құрамасымен қоштасты
ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен ҚФФ ұжымы бұрынғы бапкер Магомед Адиевпен қоштасты. Ресейлік маман жұмысын өз еліндегі "Ахмат" командасында жалғастырады.

Футболшылар мен әкімшілік штабы Магомед Мұсаұлына ұмытылмас эмоция сыйлағаны үшін алғыс білдірсе, ҚФФ ұжымы бапкерге кестелі шапан кигізіп, шығарып салды.

Магомед Адиев ұлттық құраманы 2022 жылдан бастап жаттықтырды. Оның басқаруымен команда Ұлттар лигасының "В" дивизионына көтерілді. Сондай-ақ 2024 жылғы Еуропа чемпионатына шығу үшін соңына дейін ойын өткізді.

Ұлттық құраманың жаңа бапкері болып ресейлік тағы бір маман Станислав Черчесов тағайындалды.


Басқа спорттық жаңалықтар