Теннис

Попко Загребтегі турнирдің ширек финалына жетті

Попко Загребтегі турнирдің ширек финалына жетті
ҚТФ

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Загребтегі Челленджер турнирінің ширек финалына өтті.

Хорватиядағы турнирдің екінші айналымында ол корт қожайыны Дино Прижмичпен бір сағат 40 минут ойнап, 6:2, 6:4 есебімен ұтты. Попко 4 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне тіркеді. Прижмич 2 эйс, 2 брейктен (8 брейк-пойнт) аса алмады.

Енді Дмитрий Попко жартылай финалға шығу үшін хорватиялықтар Нино Сердарушичпен Матей Додиг матчінің жеңімпазымен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар