Еркін күрес

Батырмұрзаев Венгриядағы турнирде күміс иеленді

Батырмұрзаев Венгриядағы турнирде күміс иеленді

Қазақстандық еркін күрес шебері Юсуп Батырмұрзаев Венгрияның Будапешт қаласында өткен рейтингілік турнирде күміс жеңіп алды, деп жазады Olympic.kz.

Аса ауыр салмақта белдескен ол финалдықсында америкалық Мэйсон Пэрристен жеңіліп қалды. Белдесуде америкалық спортшы мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Айта кетелік, бұған дейін 97 келіде белдескен Әлішер Ерғали алтын, Ризабек Айтмұхан қола жүлдегер атанған болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар