Теннис

Бейбіт Жұқаев Британиядағы Челенджердің ширек финалына жетті

Бейбіт Жұқаев Британиядағы Челенджердің ширек финалына жетті
ҚТФ

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Ұлыбританияның Сурбитон қаласында ATP Challenger санатындағы турнирінің ширек финалына өтті.

ATP әлемдік рейтингінде 171-орында тұрған қазақстандық екінші айналымда аустралиялық Джеймс Даквортты (ATP 105) 6:4, 7:6 (7:4) есебімен ұтты. Бейбіт 1 сағат 36 минутқа созылған матч кезінде 15 эйс жасап, төрт брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды.

Қазақстандық теннисші енді турнирдің жартылай финалына жолдама алу үшін Ллойд Харриспен (Оңтүстік Африка) ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар