Футбол

Қазақстан құрамасы жолдастық кездесу өткізу үшін Ереванға жетті

Қазақстан құрамасы жолдастық кездесу өткізу үшін Ереванға жетті
ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасы Ереван қаласына ұшып барды.

Ұлттық құрама ойыншылары ертең сағат 20:50-де Армениямен жолдастық кездесу өткізеді. Матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Армениядағы ойыннан кейін Қазақстан 11 маусым күні Мажарстандағы Сомбатхей қаласында Әзербайжан құрамасымен жасыл алаңда жолығады.

Оқу-жаттығу жиыны барысында ел құрамасы сапынан Ислам Чесноков (аяқ жарақаты), Александр Зуев, Бекхан Шайзада (екеуі де - ЖРВИ) кетуге мәжбүр болды. Команданың үшінші қақпашысы ретінде «Қайрат» ойыншысы Данил Устименко шақыртылды.

Басқа спорттық жаңалықтар