Футбол
Адиев Қазақстан құрамасынан неге кеткенін айтты
instagram.com/magomedadiev/
Грозныйлық "Ахматтың" бас бапкері Магомед Адиев футбодан Қазақстан құрамасынан не үшін кеткенін айтты.
31 мамырда Адиев Қазақстан ұлттық құрамасындағы қызметінен кеткен болатын.
"Бұл шешім Қазақстанның Грекиядан 5:0 есебімен ұтылғаннан кейін бірден пайда болды. Бапкер ретінде мұндайдан соң бірден отставкаға кету керек едім. Бірақ бәрін бірден аяқ-асты тастай салуыма болмады", - дейді Адиев.