Бокс

Өзбекстан Олимпиадаға бокстан ең мықты құрамын апарады

Өзбекстан Олимпиадаға бокстан ең мықты құрамын апарады
Olympic.uz

Париж Олимпиадасына баратын өзбек боксшылары толық анықталып үлгерген. Олар да Қазақстан құрамасы секілді ерлер арасында толық құрамда (7 салмақта да) қатысады.

Қазіргі таңда Өзбекстан құрамасы Сочиде оқу-жаттығу жиынын өткізуде. 22 маусымға дейін сонда Олимпиадаға дайындығын шыңдайтын болады.

"Бұл біздің бокс тарихымызда Олимпиадаға баратын ең мықты құрам", - деп жазды көрші елдің бокс федерациясы.

51 кг – Хасанбой Дусматов

57 кг – Абдумалик Халоков

63,5 кг – Руслан Абдуллаев

71 кг – Асадхуджа Муйдинхуджаев

80 кг – Тұрабек Хабибуллаев

92 кг – Лазизбек Муллажонов

+92 кг – Баходир Жалолов.

Басқа спорттық жаңалықтар