Футбол

Криштиану Роналдудың әлеуметтік желідегі жазбасы рекорд орнатты

Криштиану Роналдудың әлеуметтік желідегі жазбасы рекорд орнатты
"Әл-Наср" ФК

Португалиялық футболшы Криштиану Роналдудың ерекше рекордтары көп. Оның жазған пікірінің өзі рекорд жасауда.

Роналдудың Мбаппе постына қалдырған пікірі instagram желісі тарихында ең көп лайк (4,5 млн) жинады. Бұрын соңды мұндай қошеметке ие болған пікір болмаған.

"Менің кезегім келді (сенің ойыныңды тамашалуға). "Сантьяго Бернабеу" алаңында жарқ ете түсуіңді тағатсыздана күтемін. Мадрид жасасын", - деп жазған еді Криштиану жариялым астына.

Басқа спорттық жаңалықтар