Теннис

Кукушкинге Британиядағы Челенджердің жартылай финалына бір қадам қалды

Кукушкинге Британиядағы Челенджердің жартылай финалына бір қадам қалды
Сурет: Андрей Ударцев

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Британияның Сурбитон қаласында өтіп жатқан Челенджер турнирінің ширек финалына өтті.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда корт өожайыны Пол Джубкемен екі сағаттай ойнап, 6:3, 6:2 есебімен ұтты. Кукушкин бұл матчте 3 эйс, 4 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті. Джубб 3 эйс, 3 брейкке (7 брейк-пойнт) қол жеткізді.

Енді Михаил Кукушкин жартылай финалға шығу үшін тағы бір ұлыбританиялық Билли Харриспен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар