Теннис

Италиядағы Челенджерде екі қазақстандық теннисші бір-біріне қарсы ойнайды

Италиядағы Челенджерде екі қазақстандық теннисші бір-біріне қарсы ойнайды
ҚТФ

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Италияның Бари қаласында өтіп жатқан Челенджер турнирінің жартылай финалына өтті.

Жарыстың 1-ракеткалары Данилина ресейлік Ирина Хромачёвамен бірге ширек финалда франциялық Эстелль Кашино және грузиялық Натела Дзаламидзе дуэтін 55 минутта 6:0, 6:1 есебімен ойсырата ұтты. Олар 2 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жіберген жоқ.

Енді Анна Данилина – Ирина Хромачёва финалға шығу үшін тағы бір қазақстандық Жібек Құламбаева және португалиялық Франчиска Хорхе дуэтімен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар