Теннис
Рыбакина Ролан Гарростың жартылай финалына жете алмады
ҚТФ
Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина "Ролан Гарростың" ширек финалындағы матчын өткізді.
Қазақстандық теннисші бұл айналымда италиялық спортшы, әлемнің 15-ракеткасы Жасмин Паолинимен кездесті.
Ол қарсыласынан 2:6, 6:4, 4:6 есебімен жеңілді.
Рыбакина екі сағаттан аса уақытқа созылған матч кезінде 10 эйс жасап, үш рет допты ойынға қоса алмады. Ол 11 брейк-пойнттың тек бесеуін сәтті пайдалана білді.
Айта кетейік, Елена Рыбакина 2021 жылы осы турнирдің ширек финалына дейін жетіп, онда ресейлік Анастасия Павлюченковаға есе жіберген еді.