Футбол

Қазақстан әуесқойлар арасындағы Еуроның ширек финалына шықты

Қазақстан әуесқойлар арасындағы Еуроның ширек финалына шықты
emfeuro.eu

Босния және Герцеговинада шағын футболдан әуесқойлар арасында өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы ширек финалға шықты.

1/8 финалда отандастарымыз Словения құрамасын 1:0 есебімен ұтты. Жеңіс голын 29-минутта Диас Егінжанов соқты.

Ширек финалда Қазақстан құрамасы Әзербайжан – Болгария құрамалары арасындағы ойында жеңіске жеткенімен кездеседі.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Грекияға 1:0 есебімен жол беріп, кейіннен Англия (7:0) мен Украинаны (3:2) ұтып шықты.

Басқа спорттық жаңалықтар